
Перименопауза және менопауза белгілері – оларды жеңілдетуге бола ма?
Біздің денсаулық күнтізбемізге қош келдіңіз. Әр ай сайын біз сізді денсаулық пен амандық саласындағы маңызды оқиғалармен таныстырып, күнделікті өмірде пайдалы болатын біліммен бөлісіп отырамыз.
Қазан айында, дәлірек айтқанда 18 қазанда, біз Дүниежүзілік менопауза және андропауза күнін атап өтеміз және бұл тақырыпқа қайта оралып, әр әйел білуі тиіс маңызды нәрселер туралы айтуға тамаша мүмкіндік.

Менопауза – әрбір әйел өмірінің табиғи бөлігі
Менопауза – бұл әрбір әйелдің өміріндегі табиғи кезең, ол бала көтеру қабілетінің тоқтауымен сипатталады. Медициналық тұрғыдан алғанда, менопауза бұл етеккірдің толық тоқтауы, әдетте 45 пен 55 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі (егер 12 ай бойы етеккір келмесе және бұл басқа медициналық себептермен байланысты болмаса, менопауза диагнозы қойылады). Физиологиялық тұрғыдан, бұл аналық бездің қызметі біртіндеп бәсеңдеп, әйел гормондары — эстроген мен прогестеронның аз мөлшерде бөліну кезеңі. Өкінішке орай, бұл кезең тек бала көтеру қабілеттің жоғалуымен ғана емес, сонымен қатар уақыт өткен сайын әйелдің күнделікті өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін жағымсыз жайсыздықтармен қатар жүреді, сондықтан көптеген әйелдер бұл белгілерді жеңілдетудің тиімді жолдарын іздейді.
Алайда әйелдер менопауза алдында бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін және етеккірдің тұрақсыздығымен байқалатын: кейде қан кету азаятын, кейде керісінше күшейетін перименопауза кезеңінен өтеді.
Менопаузаның белгілері қандай?
Менопауза басталар алдында, етеккір өзгерістерінен бөлек, әйелдер жиі кездесетін және көбіне өте жайсыз белгілерге шағымданады. Олардың барлығы да ағзадағы гормондар деңгейінің өзгеруіне байланысты, ең жиі кездесетін белгілер: кенеттен терлеумен және беттің қатты қызаруымен жүретін ысыну ұстамалары, түнгі тершеңдік, көңіл-күйдің күрт өзгеруі, ұйқының бұзылуы; есте сақтау мен зейіннің төмендеуі; либидоның төмендеуі, қынаптың құрғауы.
Сонымен қатар, әйелдік гормондардың төмендеуі тек байқалатын белгілерге ғана емес, денсаулыққа ұзақ мерзімді әсерлерге де әкелуі мүмкін. Бұл кезеңде остеопороздың даму қаупі артады, соның салдарынан сүйек сынуы ықтимал, сондай-ақ гепертония секілді жүрек-қан тамыр ауруларының даму қаупі жоғарылайды.
Менопауза белгілерін қалай жеңілдетуге болады

Менопауза кезінде өмір салтына назар аудару ең басты медициналық ұсынымдардың бірі. Әйелдерге тұрақты түрде дене белсенділігін арттыру және өсімдік майларына бай, жануар майы, жоғары өңделген өнімдер, тұз, қарапайым қанттың мөлшерін шектеумен жүретін дұрыс теңгерімді тамақтану ұсынылады. Остеопороз қаупі жоғары болғандықтан, тағам құрамында кальций жеткілікті мөлшерде болуы керек немесе қосымша кальций қоспаларын қабылдауға болады.
Егер белгілер шыдатпай кеткен жағдайда, кейбір әйелдер дәрілік емді таңдайды. Бір нұсқа ретінде гормоналды терапия немесе орынбасушы гормондық терапия қолданылады. Алайда тиімді әрі қауіпсіз балама бұл өсімдік негізіндегі дәрілер, оларды рецептсіз де сатып алуға болады.
Қолданылған әдебиет тізімі:
