Климадинон таблеткалар - басты
Климадинон таблеткалар - басты
1/2

Ысыну ұстамалары? Тершеңдік?

Климадинон® таблеткалары

Менопаузаның алғашқы белгілеріндегі сіздің көмекшіңіз!

  • Менопауза симптомдарын жеңілдетуге көмектеседі
  • Ысыну ұстамалары мен тершеңдіктің белгілерін азайтады
  • 1 таблеткадан күніне 2 рет

Әлемдік статистика 2,3,4

~ 14%

ғаламшар тұрғындары – 45-60 жас аралығындағы әйелдер, ал Қазақстанда бұл елдегі әр оныншы әйелге сәйкес келеді.

~ 85%

әйел климактериялық бұзылулардан зардап шегеді, бұл өмір сүру сапасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

~ 70%

жағдайда менопауза кезеңін қиындататын алмасу-метаболизмдік бұзылулар пайда болады.

~ 78%

әйел менопауза кезеңінде ысыну ұстамалары және созылмалы аурулардың асқынуын бастан кешіреді.

Менопауза - бұл етеккір циклі тоқтаған кезде пайда болатын әйел өміріндегі табиғи кезең. Менопаузаның белгілері әр әйелде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ең жиі кездесетіндері:

1. Гормоналды өзгерістер
🩸 Етеккір циклінің тұрақсыздығы (циклдің толық тоқтатылуына дейін).
📉 Эстроген деңгейінің төмендеуі.
2. Физикалық белгілер
🔥 Ысыну ұстамалары: кенеттен қызу сезімі, жиі терлеумен бірге жүреді.
🌙💦 Түнгі тершеңдік: ұйқы кезінде шамадан тыс терлеу.
😮‍💨 Шаршау: энергияның азаюы және тез шаршау.
🧴💇‍♀️💅 Терідегі және шаштағы өзгерістер: құрғақ тері, жұқарған шаш, сынғыш тырнақтар.
💧 Қынаптың құрғауы: ыңғайсыздыққа әкелуі мүмкін табиғи ылғалдылықтың төмендеуі.
❤️‍🔥 Либидоның төмендеуі: жыныстық құмарлықтың төмендеуі.
🦴 Буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну: қозғалыстың бөгелуі немесе ауырсыну сезімі.
🚽 Зәр шығару проблемалары: жиі немесе ауырсыну сезімімен жүретін зәр шығару, зәрдің тоқтамай аға беруі.
3. Психологиялық және эмоционалдық белгілер
😡😢 Көңіл-күйдің өзгеруі: ашушаңдық, алаңдаушылық немесе депрессия.
🌫️ Есте сақтау және зейін қою проблемалары: «бастың мең зең болу» сезімі.
🛌 Ұйқының бұзылуы: ұйқысыздық немесе жиі ояну.
4. Ұзақ мерзімді өзгерістер
⚠️🦴 Сүйек салмағының азайуы: остеопороз қаупінің жоғарылауы.
⚖️⬆️ Артық салмақ: баяу метаболизм.
❤️⚡ Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі: холестерин мен қан қысымының өзгеруіне байланысты.

Бұл жағдайлар өмір сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін және себебін анықтау және дұрыс ем тағайындау үшін медициналық бағалауды қажет етеді. Уақытылы кеңес алу сіздің денсаулығыңыз үшін жағымсыз салдардың алдын алады.

Дереу әрекет етіңіз – жағдайды бақылауға алыңыз!

Климадинон свойства 2

Климадинон®

  • Менопауза симптомдарымен күресуге көмектеседі1,5,6
  • Тері мен сүйек тінінің жағдайына оң әсер етеді6
  • Құрамында гормондар жоқ1

Клиникалық зерттеулермен дәлелденген тиімділік!🧪✅

Состав - все травы Климадинон

Фитониринг концепциясы

Климадинон® препаратының құрамы

Климадинон® препаратының белсенді құрамдас бөлігі - бұл менопаузамен байланысты жағымсыз белгілерді жоюға көмектесетін цимицифуга (қандалашөп) тамырының сығындысы. Климадинон® құрамындағы осы заттар негізгі әсер етеді:

  • ысыну ұстамалары мен тершеңдік жиілігін азайту
  • менопауза кезінде эстроген деңгейінің төмендеуі нәтижесінде бұзылған психоэмоционалды жағдайды тұрақтандыру;
  • ұйқының сапасын жақсарту, сонымен қатар когнитивті функцияларды бір деңгейде ұстау.

Өсімдік туралы

Шоқ тәрізді цимицифуга (Cimicifuga racemosa) – бұл көпжылдық өсімдік, сарғалдақтар тұқымдасына жатады. Оның сабақтарында ірі тісті ұзын жапырақтары және шағын ақ гүлдер орналасқан, олар шоқ тәрізді гүлшоғырын түзеді. Солтүстік Американың шығысында өседі, жаз айларында гүлдейді. Ертеден бері бұл өсімдіктің сығындысы халық медицинасында ауырсынуды басатын, тыныштандыратын және қабынуға қарсы құрал ретінде қолданылған.

Цимицифуга жылан шаққан кезде, ревматизм, безгек және әйелдерге байланысты әртүрлі ауруларды, соның ішінде етеккір кезіндегі ауырсыну мен менопауза белгілерін емдеу үшін пайдаланылған.

Қазіргі медицинада цимицифуга тамырсабағының сығындысы қан қысымын тұрақтандыру және менопауза белгілерін (ысыну ұстамалары, тершеңдік, көңіл-күйдің өзгеруі) жеңілдету үшін қолданылады. Цимицифуга негізіндегі препараттар гормоналды терапияға қауіпсіз балама ретінде қарастырылады және гормоналды терапияға қарсы көрсетілімі бар әйелдерге жиі ұсынылады.

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтарға қосымша жауаптар сайт мәзіріндегі сілтемеде

Климадинон® – гормоналды емес өсімдік негізіндегі препарат. Оның құрамында фитоэстрогендер жоқ, ал белсенді зат – цимицифуга сығындысы – эстрогендік рецепторлармен байланыспайды, сондықтан препарат эстрогенге ұқсас әсер етпейді. Ол ағзаның жыныстық гормондар тапшылығына бейімделуіне көмектеседі1.

Климадинон® – өсімдік негізіндегі дәрілік препарат, оның құрамында шоғырланған цимицифуга сығындысы бар. Барлық өсімдік текті дәрілер сияқты, Климадинон® синтетикалық препараттарға қарағанда баяу әсер етеді, өйткені табиғи белсенді зат біртіндеп әсер ете бастайды. Бұл жағдайдың күрт өзгеруінен сақтап, жағымсыз белгілердің қарқындылығын жұмсақ түрде төмендетуге көмектеседі. Препаратпен емдеудің ұсынылатын ұзақтығы – кемінде 3 ай1.

Климадинон® – цимицифуга сығындысы негізіндегі гормоналды емес препарат. Ол менопауза белгілерін жеңілдету үшін гормоналды терапияға қарағанда қауіпсіздеу балама ретінде қарастырылады2.

Климадинон® препараты менопауза немесе климактериялық синдром белгілерін емдеуге арналған. Бұл бұзылыстардың негізгі көріністеріне ысыну, тершеңдіктің жоғарылауы, ұйқы мен көңіл күйдің бұзылуы, ашушаңдық пен жылауықтық, жүрек соғысының кенеттен жиілеуі, бас ауруы, шаршағыштық және басқа да белгілер жатады.
Климадинон® жақсы төзімділікке ие, ал зерттеулер оның климактериялық синдром белгілерін түзетуде жоғары тиімділігін көрсетті. Препарат менопауза кезінде әйелдің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі, жағымсыз белгілерді жеңілдетеді немесе олардың қарқындылығын төмендетеді, эмоционалдық жағдайды тұрақтандырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді, ысыну мен тершеңдіктің жиілігін азайтады, сондай-ақ тері мен сүйек тініне оң әсер етеді.
Егер әйел гормоналды препараттарды қабылдаудан бас тартса немесе оларға қарсы көрсетілімдері болса, Климадинон® препаратын менопаузалық гормондық терапияға (МГТ) балама ретінде тағайындалуы мүмкін,. Сондай-ақ өсімдік негізіндегі препараттар гормоналды терапияны тағайындау алдындағы тексеру кезеңінде және олардың әсерін күшейту үшін кешенді түрде қолданылады(егер менопаузаның психоэмоционалдық белгілері айқын байқалса).

Климадинон® препараты менопауза белгілерін, соның ішінде ысыну мен тершеңдікті жеңілдетуге арналған.

Көбірек мақалалар

Loading...
Loading...
Loading...
Добавление в корзину

Қайдан сатып алуға болады?

Сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге қолайлы дәріхананы таңдаңыз

Әдебиеттер тізімі

1 Климадинон® дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ).http://register.ndda.kz/category/search_prep
2 Юреньева С.В., Ермакова Е.И. Постменопаузадағы әйелдерде менопауза белгілерін емдеудің балама әдістерінің тиімділігін бағалау. Медициналық кеңес 2017;2:76-80
3 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, 2024
4 Funmilola M. OlaOlorun, and Wen Shen. Menopause. Global Public Health. https://oxfordre.com/publichealth/display/10.1093/acrefore/9780190632366.001.0001/acrefore-9780190632366-e-176
5 Рафаэлян И.В., Балан В.Е. және бірлескен авторлар. Климактериялық синдромы бар науқастарды емдеуде Cimicifuga racemosa сығындысын ұзақ уақыт қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. РЕСЕЙ АКУШЕРЛЕР ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ХАБАРШЫСЫ 2013;6:86-90"
6 Wuttke W. et al., The Cimicifuga preparation BNO 1055 vs. conjugated estrogens in a double-blind placebo controlled study: effects on menopause symptoms and bone markers. Maturitas 2003;44 Suppl 1:S67-77. (Вуттке В. және т.б. Цимицифуги BNO 1055 препаратын конъюгацияланған эстрогендермен салыстыру: менопауза белгілеріне және сүйек маркерлеріне әсері. Матуритас 2003;44 Қосымша 1:S67-77).