Менопаузаның белгілері

Менопаузаның ең жиі мазалайтын белгілері

Біздің денсаулық күнтізбемізге қош келдіңіз! Әр ай сайын біз сізді денсаулық пен жақсы өмір салты саласындағы маңызды оқиғалармен таныстырып, күнделікті өмірде пайдалы болатын ақпараттармен бөлісеміз.

Менопауза дегеніміз не?

Менопауза — әр әйелдің өміріндегі табиғи кезең, ол репродуктивті кезеңінің аяқталуын білдіреді және әйелдің жалпы денсаулығы мен көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін ағзадағы бірқатар гормондық өзгерістермен қатар жүреді. Көптеген әйелдер үшін менопауза жағымсыз белгілермен бірге жүреді: ысыну ұстамалары, түнгі тершеңдік, көңіл-күйдің өзгеруі, шаршағыштық және ұйқының бұзылуы. Мұндай белгілер өмір сапасына, күнделікті белсенділікке және психикалық жағдайға әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларға назар аударып бақылауда ұстау маңызды.

Менопаузаның ең жиі мазалайтын белгілері

Менопауза әр әйелде әртүрлі өтеді және белгілердің ауырлығы мен жиілігі жеке ерекшеліктерге байланысты. Дегенмен, көптеген әйелдер күнделікті жайлылыққа әсер ететін бірқатар ортақ белгілерге шағымданады. Олар:

  • Ысыну ұстамалары —кенеттен ыстықтау сезімі, жиі беттің қызаруы мен қатты терлеумен қатар жүреді. Бұл белгілер күндіз де, түнде де пайда болуы мүмкін.

  • Түнгі тершеңдік —ұйқы кезінде шамадан тыс терлеу демалыс сапасын төмендетіп, созылмалы шаршауға әкеледі.

  • Көңіл-күйдің ауытқуы — әйелдер тітіркенгіштікке, мазасыздыққа, кейде депрессияға бейім болады.

  • Ұйқының бұзылуы — менопауза кезеңінде көптеген әйелдер ұйықтап кету қиындығына, түнде немесе ерте оянуға шағымданады.

  • Қынаптың құрғауы және либидоның төмендеуі — бұл белгілер жайсыздыққа, жыныстық қатынас кезінде ауырсынуға, инфекция қаупінің артуына және қанағаттанудың төмендеуіне әкеледі.

Бұдан бөлек менопауза кезінде әйелдер жиі зейіннің төмендеуі, буындардың ауырсынуы, жиі несеп жолы инфекциялары, бас айналу, жүрек соғуының жиілеуі, іш қату мен салмақтың көбеюіне (әсіресе іш аймағында) шағымданады. Дәрігерлер бұл кезеңде остеопороздың және несепті ұстамаудың даму қаупі де артатынын атап өтеді.

Менопауза белгілерін қалай жеңілдетуге болады

Менопауза кезеңіндегі белгілермен күресу көбіне кешенді тәсілді қажет етеді. Бұл тек дәрі-дәрмек қана емес өмір салтын өзгерту, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және босаңсу әдістерін жасау маңызды рөл атқарады. Бұдан бөлек, егер шағымдар өте ауыр болса, дәрігер гормон алмастырушы терапияны, және арнайы белгілерге әсер ететін дәрілерді, мысалы антидепрессант, тағайындауы мүмкін. Алайда кез келген ем науқастың қажеттіліктеріне қарай жеке таңдалуы керек.

Белгілер

Менопауза кезінде кальций мен Д дәрумені қоспаларын, сонымен қатар белгілерді жеңілдететін өсімдік негізіндегі құралдарды қолдану ұсынылады.

Табиғи препараттардың ішінде цимицифуга (қара палан) сығындысы бар өсімдік препараттарын атап өтуге болады. Фармакологиялық қасиеттерінің арқасында олар ысыну ұстамаларын, шамадан тыс терлеуді және көңіл-күйдің ауытқуын азайтады. Оның тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген, және әсерінің жоғары болуына байланысты ол гормон алмастырушы терапияға маңызды балама болып табылады, әсіресе синтетикалық препараттар мен гормондарды қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін әйелдер үшін.

Бірақ кез келген дәріні қабылдамас бұрын, байқап жүрген белгілер туралы дәрігермен кеңесіңіз. Менопаузамен байланыс әрқашан айқын немесе дәлелденген бола бермейді. Дәрігер сіздің шағымдарыңызды бағалап, көмектесетін нақты емді таңдай алады.