Климакс кезіндегі ұйқысыздық

Мазмұны:

Менопаузаның басталуымен әйелдердің жартысына жуығы ұйқының бұзылуына тап болады. Бір кездері қарапайым және табиғи болып көрінген нәрсе ауыр жұмысқа айналады.

Ысынулар әйелдің репродуктивті функциясының жойылу процесімен бірге жүріп түнгі ұйқыға нашар әсер етеді. Әбден дымқыл болған төсекте жиі оянып кету берік және тың ұйқыға ықпал етпейді. Ысынудан туындаған ыңғайсыздықты қоссаңыз, бұл өте мұңлы көрінеді.

Ұйқы мен сергектіктің бұзылуы толыққанды өмірге кедергі келтіреді, жұмыста қиындықтар тудырады, жақын адамдармен қарым-қатынасты қиындатады. Ең алдымен, жүйке жүйесі зардап шегеді: әйел тітіркенгіш, жылаңқы, жабырқаңқы болады, оған жиі кездесетін мәселелермен күресу қиынға түседі. Ұйқының жеткіліксіздігі және сапасыздығы да әл-ауқатқа әсер етеді: әйел әлсіз және қуатсыз болады, аздаған физикалық еңбектен шаршайды.

Егер осы белгілердің барлығын қараусыз қалдырсаңыз, денсаулықтың ауыр мәіселелері ұзақ күттіріп қоймайды. Сондықтан, менопауза кезіндегі алғашқы «қоңыраулар» пайда болған кезден ақ ұйқысыздықты жою керек және дәрігерге қаралудан тартынбаңыз.

Менопауза кезінде ұйқының бұзылу себептері

Ұйқының негізгі гормоны - мелатонин. Ол мида өндіріледі. Менопауза басталғанда және онымен бірге ағзаның жалпы гормондық қайта құрылымдауы кезінде мелатонин өндірісі де бұзылады. Ағзада мелатонин неғұрлым аз болса, түнгі ұйқы соғұрлым нашарлайды.

Әйел гормоны эстроген де ұйқыға әсер етеді. Оның ықпалы:

  • жеңіл ұйықтап кету;
  • ұйқының жалпы ұзақтығының артуы;
  • түнде ояну санының азайуы

Репродуктивті функцияны жоғалтқан әйел бір мезгілде жыныстық гормондар деңгейінің төмендеуіне тап болады. Енді олар оған түнгі ұйқыны реттеуге көмектеспейді.

Қорықпаңыз: менопауза кезіндегі ұйқысыздық уақытша құбылыс және ол аяқталатын уақыт келеді. Дегенмен, оны да қадағалаусыз қалдыруға болмайды. Егер ағза толық ұйқыны реттей алмаса, оған көмектесуге тура келеді.

Менопауза кезінде қалай жақсартуға болады

Салауатты ұйқының негізгі ережесі - күніне кемінде сегіз сағат ұйықтау, бірақ он сағаттан асырмау. Бұған мелатониннің төмен деңгейімен де қол жеткізуге болады.

  • Күн тәртібін сақтау. Бір қызығы, бұл туралы бәрі де біледі, бірақ қарапайым және тиімді ережені сирек ұстанады. Бір мезгілде ұйықтау және таңертең бір мезгілде тұру, бұл әйелдің ағзасының ішкі сағатын жөндеуге көмектеседі және дұрыс ұйықтау әдетін қалыптастырады. Сондай-ақ ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын белсенділікті шектеп, дене жаттығуларынан аулақ болу керек. Жатын бөлмені қалың перделермен көлеңкелеуді ұмытпаңыз, өйткені мелатонин қараңғыда жақсы өндіріледі. Ол сондай-ақ менопауза кезінде ұйқысыздықтың көріністерінен құтылуға көмектеседі
  • Дұрыс тамақтану. Тамақтану рационын әрдайым қадағалау керенк, бірақ менопауза кезінде мұны істеу әсіресе маңызды. Тамақты күніне 3-5 мезгіл аз мөлшерді порциямен қабылдаған дұрыс. Өзекке бай және тұтас дәнді қамтитын тағамдарды таңдаңыз. Балық және сүт өнімдері (тәтті емес) өте пайдалы. Соңғы тамақ ішу уақыты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кеш болмау керек.
  • Физикалық белсенділік. Ұйқының сапасына физикалық шаршау жақсы әсер ететіні белгілі. Сонымен қатар спорт және басқа да әрекеттер мидың мелатонинді өндіруіне себеп болады. Сонымен қатар, көңіл-күй жақсарады және салмақ азаяды, бұл ұйқының жақсаруына ықпал етеді.

Бұл шаралардың барлығы бірте-бірте ұйқының қалпына келуіне және ағзаның жағдайының жақсаруына әкеледі.

Менопауза кезіндегі ұйқысыздықты емдеуге арналған препараттар

Кейде менопауза қиын өтеді, ал ұйқының бұзылуы қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайда дәрі ішпей болмайды. Әйел емдеуді тағайындайтын және дәрілік препараттарды таңдап беретін дәрігермен кеңесу керек. Менопауза кезінде әдетте гормондарды алмастыратын терапия қолданылады, кейде әйелге ұйқысыздықтан құтылуға көмектесетін седативті препараттар қосылады.

Өз бетімен емделуге қатаң тыйым салынады, өйткені салдары апатты болуы мүмкін. Менопауза кезінде ұйқысыздықты емдеуге арналған осы немесе басқа препаратты тағайындамас бұрын дәрігер зерттеу өткізіп, талдау тағайындайды. Гормоналды препараттардың жанама әсерлері өте көп, сондықтан дәрі қабылдау кезінде өзіңізді мұқият бақылауыңыз керек. Егер «жанама әсерлер» байқалса, дәрігер емдеу жоспарын өзгертеді.

Нашар ұйқымен күресуге көмектесетін халық емдеу құралдары бар. Мысалы, менопауза кезінде ұйқысыздыққа жалбыз, мелисса, тимьян, аналық шөп қосылған тыныштандыратын шай ішу ұсынылады. Бұл қауіпсіз, кейбір әйелдерге көмектеседі, сондықтан оны қолдануға болады. Егер шайды өз бетімен дайындауға уақыт немесе ниет болмаса, ол дәріханада дайын түрде сатылады.

Дәрумендік қолдау да маңызды. Әйелдің ағзасы әрдайым тағамнан қоректік заттарды сіңірмейді, сондықтан дәрумендер немесе микроэлементтердің жетіспеушілігі бар болса, дәрігермен кеңесу маңызды. Егер жетіспеушілік анықталса, дәрігер дәріхана дәрумендерін немесе диеталық қоспаларды тағайындайды.

Менопауза туралы көбірек біліңіз

Loading...
Loading...
Loading...