Климадинон® препаратының артықшылықтары[
Шығу тегі өсімдік тектес
Климадинон® — шоқ тәрізді цимицифуга тамырсабағының сығындысы негізінде жасалған, ысыну ұстамаларын жеңілдетуге арналған өсімдік тектес дәрілік препарат. Препарат Bionorica SE компаниясында Фитониринг ғылыми тұжырымдамасы бойынша өндіріледі. Бұл технология өсімдік шикізатының тұрақты сапасын және белсенді компоненттердің құрамын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
Гормондық емес тәсіл 1
Климадинон® — құрамында синтетикалық эстрогендер жоқ, ысыну ұстамаларын жеңілдетуге арналған гормондық емес дәрілік препарат. Өсімдік тектес құрамы препаратты менопауза белгілерін гормондық терапия қолданбай-ақ жеңілдету үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Кешенді әсер
Климадинон® ысыну ұстамаларының жиілігі мен қарқындылығын азайтуға, шамадан тыс тершеңдікті төмендетуге, сондай-ақ менопауза кезеңінде эмоционалдық жай-күй мен ұйқы сапасын қолдауға көмектеседі.
Bionorica неміс сапасы
Препарат өсімдік тектес дәрілік препараттарды әзірлеу саласында 90 жылдан астам тәжірибесі бар Германияның Bionorica SE компаниясында әзірленіп, өндіріледі. Өндіріс үдерісінде заманауи ғылыми зерттеулер, сапаны қатаң бақылау және өсімдік шикізатын стандарттау қағидаттары қолданылады.
Әлемдік статистика 2,3,4

Климадинон® препаратының негізгі қасиеттері
Менопауза белгілерін азайту 1,5,6
- Климадинон® менопауза кезінде ысыну ұстамалары мен шамадан тыс тершеңдіктің жиілігі мен қарқындылығын азайтуға көмектеседі, бұл менопауза кезеңінде жалпы көңіл-күй мен өзін-өзі жақсы сезінуге ықпал етеді.
Эмоционалдық жай-күйді қолдау
- Климадинон® ашушаңдықты, ішкі күйзелісті азайтуға және климактериялық өзгерістер кезеңінде ұйқы сапасын қолдауға көмектеседі.
Қолдануға ыңғайлы түр
- Климадинон® таблеткаларын күніне 2 рет, таңертең және кешке 1 таблеткадан қабылдайды. Таблетканы шайнамай және сормай, бүтіндей жұтып қабылдау қажет, бұл препаратты күнделікті қолдануды қарапайым әрі ыңғайлы етеді.
Клиникалық зерттеулермен дәлелденген тиімділік!🧪✅
Климадинон® қалай әсер етеді
Климадинон® құрамында шоқ тәрізді цимицифуга тамырсабағының сығындысы бар. Әсер ету қағидаты:
Серотонинергиялық әсер көрсетіп, менопаузаның вегетативтік-тамырлық және психоэмоционалдық белгілерінің айқындылығын азайтуға ықпал етеді.
Ысыну ұстамалары мен шамадан тыс тершеңдікті азайтуға, сондай-ақ эмоционалдық жай-күй мен ұйқы сапасын қолдауға көмектеседі.
Климадинон® ысыну ұстамаларын жеңілдетуге арналған гормондық емес дәрілік препарат, сондықтан оның құрамында синтетикалық эстрогендер жоқ. Сол себепті оны менопауза белгілерін жеңілдетуге арналған өсімдік тектес гормондық емес балама ретінде қарастыруға болады.

Климадинон® препаратының құрамы
Климадинон® препаратындағы Фитониринг: жан-жақты ойластырылған өсімдік тектес құрам
Климадинон® препаратының негізін — климакс белгілерін жеңілдету үшін кеңінен қолданылатын дәрілік өсімдік шоқ тәрізді цимицифуга (Cimicifuga racemosa) тамырсабағының сығындысы құрайды.
Цимицифуга менопауза кезеңіндегі бұзылыстарды жеңілдетуде кеңінен қолданылады. Ол ысыну ұстамаларының жиілігі мен қарқындылығын азайтуға, сондай-ақ эмоционалдық жай-күй мен ұйқы сапасын қолдауға көмектеседі. Сығындының өсімдік тектес болуы Климадинон® препаратын құрамында синтетикалық эстрогендер жоқ, әйелдердегі ысыну ұстамаларын жеңілдетуге арналған гормонсыз дәрілік препарат ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Өсімдік шикізатын стандарттау және өндірістің барлық кезеңінде сапаны қатаң бақылаудың арқасында Bionorica SE компаниясының Климадинон® препараты — климакс белгілерін жеңілдетуге арналған сенімді әрі тиімді дәрілік құрал.
Сұрақ-жауап
Жиі қойылатын сұрақтарға қосымша жауаптар сайт мәзіріндегі сілтемеде
Емдеу әдісін таңдау белгілердің айқындылығына, әйелдің жасына, денсаулық жағдайына және дәрігердің ұсынымына байланысты. Менопауза белгілерін жеңілдету үшін гормондық терапия да, гормонсыз дәрілік препараттар да қолданылуы мүмкін. Климадинон® таблеткалары өсімдік тектес дәрілік препараттарға жатады және менопауза белгілерін жеңілдету үшін тағайындалады.
Емдеу әдісін таңдау белгілердің айқындылығына, әйелдің жасына, денсаулық жағдайына және дәрігердің ұсынымына байланысты. Менопауза белгілерін жеңілдету үшін гормондық терапия да, гормонсыз дәрілік препараттар да қолданылуы мүмкін. Климадинон® таблеткалары өсімдік тектес дәрілік препараттарға жатады және менопауза белгілерін жеңілдету үшін тағайындалады.
Климадинон® — гормондық емес, өсімдік тектес дәрілік препарат. Оның құрамында синтетикалық эстрогендер жоқ және ол менопауза кезіндегі ысыну ұстамаларын жеңілдетуге арналған табиғи дәрілік құрал ретінде қолданылады1.
Климадинон® – өсімдік негізіндегі дәрілік препарат, оның құрамында шоғырланған цимицифуга сығындысы бар. Барлық өсімдік текті дәрілер сияқты, Климадинон® синтетикалық препараттарға қарағанда баяу әсер етеді, өйткені табиғи белсенді зат біртіндеп әсер ете бастайды. Өзін-өзі жақсы сезінудегі алғашқы өзгерістер препаратты тұрақты қабылдағаннан кейін бірнеше аптадан соң байқалуы мүмкін. Бұл жағдайдың күрт өзгеруінен сақтап, жағымсыз белгілердің қарқындылығын жұмсақ түрде төмендетуге көмектеседі. Нәтижеге қол жеткізу үшін препаратты ұсынылған қабылдау тәртібі бойынша қолдану маңызды. Препаратпен емдеудің ұсынылатын ұзақтығы – кемінде 3 ай1.
Климадинон® мен гормондық терапия емдеудің әртүрлі тәсілдері. Сондықтан олардың тиімділігін тікелей салыстыру дұрыс емес. Емдеу әдісі мен ысыну ұстамаларын жеңілдететін препаратты таңдау белгілердің айқындылығына, қарсы көрсетілімдердің болуына және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Емдеудің оңтайлы сызбасын дәрігер анықтайды.
Климадинон® – цимицифуга сығындысы негізіндегі гормоналды емес препарат. Ол менопауза белгілерін жеңілдету үшін гормоналды терапияға қарағанда қауіпсіздеу балама ретінде қарастырылады2.
Климадинон® менопауза белгілерін жеңілдету үшін тағайындалады. Бұл өсімдік тектес препарат ысыну ұстамалары мен шамадан тыс тершеңдік кезінде қолданылады. Сондай-ақ ұйқының бұзылуын және климакс кезеңіндегі психоэмоционалдық белгілерді азайтуға көмектеседі.
Климадинон® жақсы төзімділікке ие, ал зерттеулер оның климактериялық синдром белгілерін түзетуде жоғары тиімділігін көрсетті. Препарат менопауза кезінде әйелдің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі, жағымсыз белгілерді жеңілдетеді немесе олардың қарқындылығын төмендетеді, эмоционалдық жағдайды тұрақтандырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді, ысыну мен тершеңдіктің жиілігін азайтады, сондай-ақ тері мен сүйек тініне оң әсер етеді.
Егер әйел гормоналды препараттарды қабылдаудан бас тартса немесе оларға қарсы көрсетілімдері болса, Климадинон® препаратын менопаузалық гормондық терапияға (МГТ) балама ретінде тағайындалуы мүмкін,. Сондай-ақ өсімдік негізіндегі препараттар гормоналды терапияны тағайындау алдындағы тексеру кезеңінде және олардың әсерін күшейту үшін кешенді түрде қолданылады(егер менопаузаның психоэмоционалдық белгілері айқын байқалса).
Климадинон® климакс кезіндегі ысыну ұстамалары жеңілдетуге арналған препарат ретінде қолданылады. Ол ысыну ұстамалары мен шамадан тыс тершеңдіктің жиілігі мен қарқындылығын азайтуға көмектеседі.
Бионорика Климадинон® климакстың алғашқы кезеңінде де қолданылуы мүмкін. Препаратты дәрігердің ұсынымына және нұсқаулыққа сәйкес қолданған жағдайда, менопауза белгілерінің айқындылық дәрежесіне қарамастан оларды жеңілдету үшін пайдалану ұсынылады.
Біздің сайттан препараттың ресми нұсқаулығын, сондай-ақ Климадинон® түпнұсқа препаратын сатып алуға болатын дәріханалардың тізімін көре аласыз.
Менопауза - бұл етеккір циклі тоқтаған кезде пайда болатын әйел өміріндегі табиғи кезең. Менопаузаның белгілері әр әйелде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ең жиі кездесетіндері:
| 1. Гормоналды өзгерістер |
|---|
| 🩸 Етеккір циклінің тұрақсыздығы (циклдің толық тоқтатылуына дейін). |
| 📉 Эстроген деңгейінің төмендеуі. |
| 2. Физикалық белгілер |
|---|
| 🔥 Ысыну ұстамалары: кенеттен қызу сезімі, жиі терлеумен бірге жүреді. |
| 🌙💦 Түнгі тершеңдік: ұйқы кезінде шамадан тыс терлеу. |
| 😮💨 Шаршау: энергияның азаюы және тез шаршау. |
| 🧴💇♀️💅 Терідегі және шаштағы өзгерістер: құрғақ тері, жұқарған шаш, сынғыш тырнақтар. |
| 💧 Қынаптың құрғауы: ыңғайсыздыққа әкелуі мүмкін табиғи ылғалдылықтың төмендеуі. |
| ❤️🔥 Либидоның төмендеуі: жыныстық құмарлықтың төмендеуі. |
| 🦴 Буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну: қозғалыстың бөгелуі немесе ауырсыну сезімі. |
| 🚽 Зәр шығару проблемалары: жиі немесе ауырсыну сезімімен жүретін зәр шығару, зәрдің тоқтамай аға беруі. |
| 3. Психологиялық және эмоционалдық белгілер |
|---|
| 😡😢 Көңіл-күйдің өзгеруі: ашушаңдық, алаңдаушылық немесе депрессия. |
| 🌫️ Есте сақтау және зейін қою проблемалары: «бастың мең зең болу» сезімі. |
| 🛌 Ұйқының бұзылуы: ұйқысыздық немесе жиі ояну. |
| 4. Ұзақ мерзімді өзгерістер |
|---|
| ⚠️🦴 Сүйек салмағының азайуы: остеопороз қаупінің жоғарылауы. |
| ⚖️⬆️ Артық салмақ: баяу метаболизм. |
| ❤️⚡ Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі: холестерин мен қан қысымының өзгеруіне байланысты. |
Бұл жағдайлар өмір сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін және себебін анықтау және дұрыс ем тағайындау үшін медициналық бағалауды қажет етеді. Уақытылы кеңес алу сіздің денсаулығыңыз үшін жағымсыз салдардың алдын алады.
Дереу әрекет етіңіз – жағдайды бақылауға алыңыз!
Қайдан сатып алуға болады?
Сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге қолайлы дәріхананы таңдаңыз
Әдебиеттер тізімі
1 Климадинон® дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ).https://register.ndda.kz/#/reestr
2 Юреньева С.В., Ермакова Е.И. Постменопаузадағы әйелдерде менопауза белгілерін емдеудің балама әдістерінің тиімділігін бағалау. Медициналық кеңес 2017;2:76-80
3 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, 2024
4 Funmilola M. OlaOlorun, and Wen Shen. Menopause. Global Public Health.
5 Рафаэлян И.В., Балан В.Е. және бірлескен авторлар. Климактериялық синдромы бар науқастарды емдеуде Cimicifuga racemosa сығындысын ұзақ уақыт қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. РЕСЕЙ АКУШЕРЛЕР ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ХАБАРШЫСЫ 2013;6:86-90"
6 Wuttke W. et al., The Cimicifuga preparation BNO 1055 vs. conjugated estrogens in a double-blind placebo controlled study: effects on menopause symptoms and bone markers. Maturitas 2003;44 Suppl 1:S67-77. (Вуттке В. және т.б. Цимицифуги BNO 1055 препаратын конъюгацияланған эстрогендермен салыстыру: менопауза белгілеріне және сүйек маркерлеріне әсері. Матуритас 2003;44 Қосымша 1:S67-77).







